Амангелді Айталы: Спортшы депутаттардың Парламентте белсенділік танытып, депутаттық сауал жолдауы өте сирек еді

Жаңалықтар
28.02.2017, 11:29

24Бұрынғы шақырылымдарда Парламент Мәжілісінің депутаты болған, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өткен жылғы сайлау науқаны қарсаңында әншілер мен спортшылардың депутаттыққа үміткер болуына қатысты пікірін білдірген еді.

"Әншілер мен спортшылардың депутаттықтан үміткер болуға саяси және моральдық тұрғыдан құқығы бар. Әйтсе де, кәсіби Парламентке олардың саяси деңгейі мен білімі жете ме? Бұл әрине басты мәселе", - дейді Амангелді Айталы.

"Менің ойымша, әншілер мен спортшылар депутат болмайды. Олар жай ғана сайлауалды науқанда халықтың даусын жинау үшін керек болып отыр. Сондықтан да, әншілер мен спортшылар депутаттыққа үміткер болды деп байбалам салудың қажеті жоқ", – деді Амангелді Айталы.

Экс-депутаттың айтуынша, бұған дейінгі парламентте бірең-сараң әншілер мен спортшылар депутат болып жүргенде Парламентте белсенділік танытып, депутаттық сауал жолдауы өте сирек екенін айтады. Себебі, депутаттар әлеуметтік және саяси мәселелерді бес саусақтай білуі керек.

Бүгін ОСК бүгін «Нұр Отан» партиясының мүшесі Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина да қазіргі Мәжіліс депутаты. Бұған дейін Серік Қонақбаев сынды боксшы да Парламентте мандатқа ие болды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom