Президент импичментінен кейін Сеулде қақтығыстар болды

Жаңалықтар
10.03.2017, 10:35

47Сеулде Конституциялық соттың шешімі жарияланған соң биліктен шеттетілген президент Пак Кын Хенің жақтаушылары мен полицейлердің арасында қақтығыстар болды, - деп хабарлайды РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Пак Кын Хенің жақтаушылары мен оның қарсыластары арасында екі митинг болды. Сот шешімін жариялаған соң полицейлер митингке шығушылар арасында қақтығыстар болады деп қауіптенген. Алайда NHK телеарнасының мәліметінше, президенттің жақтаушылары БАҚ өкілдеріне шабуыл жасаған. Яғни, олар тілшілерді ұрып-соғып, камераларын сындырмақшы болған. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

48

Еске салайық, 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған болатын. Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс беріп, 56-сы қарсы болған. Ал екі депутат дауыс беруден бас тартқан. Жеті түбіртек жарамсыз деп танылды. Айта кетейік, отырыстан тікелей таратылымды оңтүстіккореялық телеарна жүргізді.

Ал кейінірек Оңтүстік Кореяның Конституциялық кеңесінің президент президент Пак Кын Хенің импичментін бекіткені хабарланған болатын. Президентті биліктен кетіруге Пак Кын Хе мен оның бұрынғы танысы Цой Сун Сильдің айналасындағы жемқорлық дауы себеп болған. Танысы байланыстарын пайдакүнемдік мақсатта қолданып, мемлекеттік істерге президент пен оның әкімшілігі арқылы араласқан делінеді.

Сұхбат

PhotoRoom