Мирзияев Астанаға 22-23 наурызда келмек

Жаңалықтар
13.03.2017, 14:32

12Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Астанаға 22-23 наурызда келеді деп хабарлады Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов. Оның сөзінше, Мирзияевтің сапарынан соң Астанаға Орталық Азия елдерінің "бірнеше басшылары" сапарлап келеді.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Мирзияев мемлекет басшысы ретіндегі шетелге алғашқы сапарын жылдың бірінші жартысында Астанадан бастайды деп хабарлаған. Бірақ Мирзияев 6-7 наурызда Түркіменстанға барған. Сапар қорытындысында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірлескен мәлімдеме қабылданған.

Үкімет сағатында сөйлеген Абдрахманов Өзбекстан басшысының сапары аймақ елдерінің "трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында" бірлігі жақсы екенін кезекті рет айғақтайтынын айтты.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom