Сәпиев әлеуметтік-мәдени мәселелермен, Рау қаржы мәселесімен айналысады

Жаңалықтар
15.03.2017, 12:27

1Серік Сәпиев пен Альберт Рау Парламент Мәжілісі комитетінің құрамына енді. Депутаттар Альберт Рауға Қаржы мен бюджет комитетінің құрамына ену үшін дауыс берсе, Серік Сәпиевке Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне кіру үшін дауыс берген.

Бокстан 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің жуырда Мәжіліске депутат болып бекітілгені хабарланған болатын. Парламенттің төменгі палатасында даңқты спортшы әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, күні кеше Мәжіліс қатарын толықтырған Альберт Рау Қаржы және бюджет комитетіне мүше болып отыр. Бұған дейін ол ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Өз кезегінде депутаттар Мансұрхан Махамбетов пен Артур Платоновтар да бір комитеттен екіншісіне ауысуға ниет білдіріп, Мәжіліс спикеріне өтінішпен шықты. М.Махамбетов Заңнама және құқықтық реформа комитетінде, А.Платонов әлеуметтік-мәдени даму комитетінде мүше болатын. Енді екеуі де Экология және жер қойнауын пайдалану комитетіне ауысқысы келіп отыр.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандаты "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Павлович Рауды Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тағайындаған болатын.  Сондай-ақ, 28 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген еді.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom