Майлыбаевтың ісіне қатысты мәліметтер жарияланбайды - ҰҚК

Жаңалықтар
16.03.2017, 14:34

15Президент Әкімшілігі Басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты тергеуге қатысты мәліметтер жариялауға жатпайды.

"ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") сәйкес сотқа дейінгі тергеуге қатысты мәліметтерді жариялауға болмайды. Егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн. Тергеу мүддесіне байланысты мәліметтерді жариялауға болмайды", - делінген ҚР ҰҚК өкілдерінің Tengrinews.kz жолдаған сауалға берген жауабында.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom