Алматы-Ташкент бағытында жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы жолға шығады

Жаңалықтар
17.03.2017, 10:00

11Алматы-Ташкент бағыты бойынша жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы қатынайтын болады, - деп хабарлайды  "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Екі елдің теміржол компаниялары мүмкіндігі шектеулі жандарды және оларды алып жүретін тұлғаларға 70 пайыз жеңілдік беру туралы келісімге келді.

"Еске салайық, наурыз мерекесі қарсаңында №1/2 "Алматы-Ташкент" бағытындағы пойыз жолға шығады. Пойыз жаңа модификациядағы кең шанақты "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұрады. Пойыз Алматыдан дүйсенбі және сенбіде, ал Ташкенттен сейсенбі және жексенбі жүретін болады. Жол уақыты 16 сағат 30 минуттай. Жолда тоқтайтын бекеттер: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент", - дейді компания өкілдері.

Сұхбат

PhotoRoom