Алексей Цой Алматы облысына жұмыс сапары барысында МӘМС жүйесінің қағидаларын түсіндірді

Жаңалықтар
29.03.2017, 18:04

01Бүгін ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Алексей Цой Алматы облысына жұмыс сапары барысында облыстың медициналық қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, Елбасының халыққа Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша негізгі бағыттарды жүзеге асыру туралы хабарлады.

Бұл жолы түсіндіру объектісі Талдықорған қалалық №2 емхана болды. Аталған мекеме тұрғындардың 53 мыңына қызмет көрсетеді. Ал 35 мыңына жуық тұрғынға амбулаторлы-емханалық қызметтер көрсетеді.

«Аудан-қалалардың барлық тұрғындары барлық санат бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне кіруі маңызды. Халыққа сақтандырылған азамат статусын қалай алу керектігі жөнінде дұрыс түсіндіріп, әрбір отбасына аталған ақпараттың жетуін қамтамасыз ету керек», - деді Министрлік басшысы айдандық емхана қызметкерлерімен болған кездесуде.

Әрі қарай сапар барысында Вице-министр облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омармен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесін түсіндіру бойынша кездесуге қатысты.

02Ол министрлікте қазіргі таңда бизнестегі кедергілерді жою бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын, сондай-ақ, жеке сектордың ұсынымдары қабылданып, министрліктің тікелей диалог құруға мүдделі екенін атап айтты.

«Біз медициналық қызмет көрсететін жеке  қызмет көрсетушілердің үлесі саны жағынан да, қаржы жағынан да артуын күтіп отырмыз. Біз тариф саясатын қарастыруға дайынбыз. Ол сіздердің инвестицияларыңызды ескере отырып, нарық тұрғысынан негізделген болуы тиіс. Сонымен бірге, біз ақпараттық жүйелер арқылы тиімділікті бақылайтын боламыз. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі бәсекелестіктің артуын ескере отырып, бағаның өздігінен реттелетінін ұмытпау керек. Аурухана экономикасы мен қызмет сапасын бақылап отыру үщін орташа баланс болуы қажет», - деді А.Цой өз сөзінде.

Ол жыл соңында Медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісішарттар арқылы  халыққа қызмет көрсетудегі жеке емханалардың үлесі анықталып, қазіргі таңдағы кедергілер жойылатындығын айтты.

Өз кезегінде жеке аурухана мен зертхана басшылары министрліктің барша бастамаларына қолдау білдіріп, медициналық техника мен лизинг алу, тарифтерді енгізу мен бірқатар шектеулердің жол бермеу туралы мәселелерді талқылауға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Сұхбат

PhotoRoom