Петербор метросындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 14

Жаңалықтар
04.04.2017, 15:38

11Санкт-Петербордағы метрода болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 14 адамға жетті, деп РФ денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Вероника Скворцова хабарлаыды. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, қазіргі таңда стационарда 49 адам ем қабылдап жатыр.

«Бүгін 14 адамның қаза тапқанын хабарлаймыз: 11 адам - оқиға орнында және үшеуі ауыр жағдайда көз жұмды - біреуі жедел-жәрдем машинасында ауруханаға бара жатқан жолда және екеуі - алған жарақатының салдарынан Мариинский ауруханасында жан тәсілім етті», - деп хабарлады Вероника Скворцова.

«Он үш адам жіберілді. Барлық науқастарды күн сайын білікті мамандар қарауда, барлығы қажетті заттар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген», - деп қосты Скворцова.

 

Сұхбат

PhotoRoom