Астана Сириядағы "химиялық қару шабуылын" тексеруді қолдайды

Жаңалықтар
13.04.2017, 19:15

14Астана Сирияда өткен аптада химиялық қару қолданылып жасалған шабуылды БҰҰ-ның, Химиялық қаруға тыйым алу жөніндегі ұйымның және "барлық мүдделі тараптардың" араласуымен шынайы, жан-жақты және тыңғылықты түрде тексеруді қолдайды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Астанада Германия парламентінің делегациясымен кездесуде мәлімдеді деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуде Абдрахманов Астананың "Сирияда орнықты бітімге қол жеткізу" келіссөздерін ары қарай да өткізе беруге даяр екенін айтқан. Астанаға сапарлап келген неміс делегациясын парламенттің "Германия - Орталық Азия" тобының жетекшісі Манфред Грунд басқарып жүр.

11 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин өзінің көпшілікке берген алғашқы комментариінде Сириядағы химиялық қару қолданылып жасалған шабуылға жауап ретінде АҚШ-тың Сирия әуе базасын зымыранмен атқылағанын сынаған. Путин Ресейдің химиялық қару қолдану оқиғасын ресми тексеруді талап ететінін мәлімдеген. Батыс елдері 4 сәуірде Идлиб провинциясында бейбіт халыққа қарсы химиялық қару шабуылын Сирия үкіметі жасады деп санайды. Шабуылдан 80-нен астам адам қаза тапқан.

Азаттық

Тегтер:
Астана Сирия

Сұхбат

PhotoRoom