2016 жылы Қазақстаннан кеткен 37 837 адам Ресей азаматтығын алған

Жаңалықтар
14.04.2017, 11:45

14Ресей ішкі істер министрлігі сайтындағы дерекке сәйкес, 2016 жылы Қазақстаннан кеткен 37 837 адам Ресей азаматтығын алған. Бұл деректерді наурыздың 30-ы күні Астанада «Еуразия мониторингі» сараптамалық зерттеулер орталығында өткен кездесуде «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы директоры, тарих ғылымы докторы, профессор Зиябек Қабылдинов пен «Сібір-Еуразия» сарапшылар клубы жариялады. Оның сөзінше, 2015 жылы Қазақстаннан Ресейге шамамен 32 мың адам кеткен, олардың негізгі бөлігі – этникалық орыстар немесе орыс тілді халық.

НЕГЕ КЕТЕДІ?

Орыс тілді азаматтардың Қазақстанда қалғысы келмеуінің көп себептері бар екені айтылып жүр. Тарих ғылымы докторы Зиябек Қабылдинов ең әуелгі себеп ретінде «Ресейдің отандастарын өз территориясына көшіруге арналған бағдарламасын» атайды. Оның пікірінше, бұл бағдарлама жақсы жұмыс істейді, ол «Қазақстандағы оралмандарды көшіріп әкелу бағдарламасынан әлдеқайда жақсы». Оның айтуынша, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларынан кейін Қазақстан этникалық қазақтарды тарихи отанына қарқынды көшіруді тоқтатқан.

12 Армен Степанян

- Қазақстанда ондай оқудың баламасы болмады, өйткені бізде кино саласы мамандарын даярлайтын бар-жоғы екі ЖОО бар әрі екеуі де әлсіз. Тіпті бізде баламасы болса да, ол жаққа тәжірибе алмасу үшін кетер едім. Болашақ жұмысым шығармашылықпен байланысты. Егер түбінде менен жақсы кәсіп иесі шығып жатса, әлемді шарламақпын. Роллан Сейсенбаевтың «Желтоқсан күндері» деген шығармасы бойынша фильм түсірсем деп армандаймын. Мен үшін туған жердің орны бөлек, сондықтан оның кәдесіне жарауға тырысамын, өйткені ол жақтағы адамдар, халық мені жақсы көрді, нанымен бөлісіп, үнемі ақ пейілін көрсетті ғой. Оларға деген ризашылығымды пайдамды тигізу арқылы білдіргім келеді, - дейді Армен Степанян.

Жас жігіт астаналық өзге студенттермен де араласып тұрады екен. Оның айтуынша, ол үшін «Ресейде қалудын әлдебір пайдасы немесе перспективасы жоқ, өйткені Ресей де проблемаларының симптомтары бірдей постсоветтік ел».

- Жұрт Ресейге де, Мәскеуге де емес, Мәскеуде өте көп тұратын білікті, есімі әлемге танылған нақты кәсіпқойларды іздеп барады. Ресейге көшкендердің көбі мемлекеттегі, тілге қатысты өзгерістерді сезінген славяндар шығар. Бұл жағынан алғанда, олар өздерінің тарихи отанына, оның мәдениеті мен тіліне оралып жатыр деп ойлаймын, ал бұл - еврейлер немесе армяндардың эмигранттық легі сияқты табиғи процесс, - дейді Армен Степанян.

Оның сөзінше, Семейде тұратын әке-шешесі ешқайда кетуді жоспарламайды.

Дереккөз: Азаттық

Сұхбат

PhotoRoom