Назарбаев Ердоғанды референдумды сәтті өткізуімен құттықтады

Жаңалықтар
18.04.2017, 14:58

12Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанды ел конституциясына өзгеріс енгізу бойынша жалпыхалықтың референдумды сәтті өткізуге байлынысты құттықтады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Референдум қорытындысы Сіздің Түркия халқының алдындағы беделіңіз бен елдің халықаралық аренадағы позицясын күшейтуге бағытталған саясатыңызды қолдаудың жарқын көрінісі. Сіздің жетекшілігіңізбен Түркия Республикасы қоғамдық ынтымағы берік, жаһандық саясатта өз орын бар, аймақтағы тұрақтылыққа өз үлесін қосатын зайырлы мемлекет болып қаларына сенемін. Қазақстан мен Түркия арасында орнаған тығыз ынтымақтастық ары қарай да жалғасады деген сенімдемін", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне сәттілік, ал бауырлас Түркия халқына ары қарай даму мен өркендеуді тіледі.

Сұхбат

PhotoRoom