Ақтөбеде ІЖӨ өсті

Аймақ
12.09.2014, 11:48

Ақтөбе облысында тұрғындардың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі соңғы үш жылда 45 пайызға өсіп отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, былтырғы жылы облыста өңірлік жалпы өнім 4,6 пайызға өскен. Соның ішінде бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1 трлн. 173 млрд. теңгеден 1 трлн. 760 теңгеге дейін жеткен.

«Өңір тұрғындарының жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі соңғы үш жылда 45 пайызға өсті. Бұның негізгі үлесі өнеркәсіп өндірісі болып табылады және бұл есепті кезеңде 1,4 есеге артып, бүгінгі күні 1 трлн. 300 млрд. теңгеге жетті», - дейді А.Мұхамбетов.

Облыс басшысының айтуынша, ағымдағы жылы Ақтөбе облысына оңайға соққан жоқ. Бұл ретте бірқатар елдердің санкциясы аясында экономикаға әсерлердің болатынын атап өткен әкім, бұған қатысты алдын алу бойынша ықпал ететін шаралардың барлығы қабылданып жатқанын мәлім етті.

«Бизнес облыс экономикасын одан әрі дамытуда. Ашылып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тырысамыз», - деді А.Мұхамбетов.

Сұхбат

PhotoRoom