Қала әкімдері Елбасы сөзіне еш реакция танытпай отыр

Жаңалықтар
24.04.2017, 16:32

февральОсыдан бірер күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөккен болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қала басшысы қала қожайыны болуы керек, қаланы жақсы көруі керек. Жақсы әкім таңғы сағат 5-те тұрып, орынбасарларымен және аппаратпен бірге бүкіл қаланы аралап шығады" деген кеңес айтты. Мұны "Исекешев, саған айтам, қала әкімдері де құлақтарыңа құйып алыңдар" деген сипатта жеткізді.

Барлық облыс орталығын басқарып отырған әкімдер әзірге Исекешевке айтылған сөзден нәтиже шығарған жоқ. Әсет Исекешев Президент айтқан сыннан кейін ертеңіне таң атпастан қаланың ұңғыл-шұңғылын, барлық мәселелі нысандарын аралап, жаңа темір жол вокзалы мен терминалдың дайындығын тексеріп шықты. Өйткені, алда Экспо-2017 бүкіләлемдік көрмесі келе жатыр.

Астананың үлкен шараға дайындығы үнемі бақылауды, қадағалауды қажет етеді. Сондықтан, Экспо-2017 бітпей, Астана қаласының әкіміне тыныш ұйқы жоқ.

Елбасының айтқан кеңесін қала әкімдері мен облыс орталығын басқарушы әкімдер іліп әкетіп, жақсы бір дәстүр қалыптастыруға болар еді. Күніге араламаса да, күнара аралап, қаланың тыныс-тіршілігін, атқарылып жатқан жұмыстарды қатаң бақылап, сапасы мен орындалу мерзіміне мән беріп, нақты бақылауына алуға болады. Өйткені, адам бар жерде мәселе бар. Бірақ, әзірге бірде-бір қала әкімі Елбасының сөзінен кейін "оянып" жұмыс істеуге кіріскен жоқ. Ай соңына дейін қала әкімдерінен үміт күтеміз. Өйткені, сәуір айындағы қала әкімдерінің рейтингіне осы бір фактор тікелей әсер ететін болады.

Сұхбат

PhotoRoom