Алматы облысында он мың тоннаға жуық қоқыс тазаланды

Жаңалықтар
27.04.2017, 18:31

15Жер жаннаты Жетісу жерінде облыстық әкімдіктің қаулысымен наурыз айының онынан мамырдың ортасына дейін «тазалық айын» жариялаған болатын.

Алматы облысының 16 аудан және 3 қаласында штабтар құрылып, іс-шаралар жоспары жасалынған. Осының арқасында облыс бойынша бүгінгі күнге екіайлыққа 310,3 мың адам қатысып, 145 978 ғимарат және тұрғын үй аулалары, 8 601көше бойлары мен 1 511 шақырым арық жүйелері тазаланып, 9 499 тонна тұрмысты қатты қалдықтар шығарылған.

«Әдетте бір күн ғана шығатын сенбілікке қарағанда екі ай бойы жүргізіліп жатқан тазалық айы көп нәтиже беріп жатыр. Өйткені бір күнде түкке үлгермейтін басымыз бүгінгі күні көшелер мен аулалар, қора маңындағы қоқыстардан толық арылтып алдық», - дейді Ақсу ауданы, Алтынарық ауылының тұрғыны Қарсақбаев Ғалымжан.

Тазалық барысында тек көшелер ғана тазаланып қоймай, көшеттер отырғызылып, Балқаш көліне құятын өзендердің де ирригациялық жүйесі қалпына келтірілді.

Арнайы коммиссияның облыс аумағын аралау барысында аудан және қала аумақтарында шешімді талап ететін бірқатар кемшіліктер анықталып, мәселелер дер кезінде жойылды.

Сұхбат

PhotoRoom