Әскери азаматтар жеке баспанамен қамтамасыз етіледі

Жаңалықтар
03.05.2017, 16:44

87ҚР Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұxтаровтың айтуынша, алдағы уақытта банктегі арнайы шоттарға ақша аудару арқылы барлық әскери азаматтар жеке баспанамен қамтамасыз етіледі.

"Осы айдың соңында біз әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету туралы заң жобасын Үкіметке, одан кейін Парламентке таныстырамыз. Аталған құжаттың басты жаңалығы сол, біз қызметте жүрген барлық әскери азаматтарды баспанамен қамтамасыз ететін боламыз. Жоспарға сәйкес, олардың банктегі арнайы есеп-шоттарына ай сайын ақша аударылады. Сөйтіп, жеке баспанаға ақша жиналады. Оның сомасы аймақ пен отбасының құрамына қарай есептеледі", - деді Мұxторов.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде әскерилердің 90 пайызы қызметтік баспанада тұрады. Қызметтік пәтер болмаса, бюджет есебінен жалға алынған үйдің шығындары өтеледі.

Дереккөз: Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom