Оңтүстік Корея жаңа президентін сайлады

Жаңалықтар
10.05.2017, 10:32

48Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында либерал Мун Чжэ Ин айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жаңа президент бірден бүгін, 10 мамырда ант қабылдап, қызметіне кіріседі. 64 жастағы Мун салтанатты инаугурациядан бас тартып, наурызда өзіне дейінгі президент Пак Кын Хе коррупциялық жанжалдан қызметінен шеттетілген соң туындаған саяси вакуумды жою үшін ұзатпай үкімет пен президент аппаратын жасақтайды деп күтіліп отыр.

Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, Мун Чжэ Ин 41,1 пайыз, консерваторлар кандидаты Хон Джунпхе 24 пайыз, центрист Ан Чхольсу 21,4 пайыз дауыс жинаған. Мун президент қызметінде Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасы мен зымыран сынақтарынан бас тартуға көндіру жолдарын қарастырып, АҚШ-пен арада туындап келе жатқан сауда жанжалын реттеуі тиіс.

Мун Пхеньянмен диалог орнатуды қалайды. Оның Солтүстік Кореяға қатысты ұстанымы АҚШ-тың Пхеньянды ядролық амбициясынан санкция және халықаралық оқшаулау арқылы бас тартқызуды көздейтін әрекетінен өзгеше.

Сұхбат

PhotoRoom