Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы ашылды

Аймақ
01.06.2017, 14:54

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы ашылды. Мұнда  мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек жандарға және жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсетілетін болады. Жаңа заманауи сипатта жұмысын жандандырған мекеменің ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахимов қатысты.9dee8771-8c60-4740-835f-a038762efc07

«Шымкент қаласының өзінде 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүруде. Соларға көмек көрсету - біздің басты мақсатымыз. Мүгедек жандарды жан-жақты қолдап, олардың проблемаларын оң шешуге атсалысуымыз керек. Оған бүгін Шымкенттегі заманауи үлгіде ашылып отырған халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы өз үлесін қосады деген үміттемін», -деді Жансейіт Қансейітұлы.8292d637-482f-4528-95a3-b42b399b087f

Бүгінгі таңда орталық қызметін 700 адам тиімді пайдаланып отыр. Атап айтар болсақ, мұнда жүйке жүйесі-неврологиялық ауытқуы бар балалар мен тірек-қозғалысы бұзылған мүгедек жеткіншектер ем-дом алады. Сондай-ақ І және ІІ-топтағы мүгедектерге және жасы толуына байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Орталықта педиатр, терапевт, невропатолог, психиатр, травматолог-ортопед, орта дәрежелі медицина қызметкері , тәрбиешілер, дефектологтар, әдіскер, логопед және психолог сынды білікті мамандар жұмыс істейді.014d838d-ff89-4f79-bc3d-55daea1523ea

Бірегей орталықтағы Монтессори кабинеті балалардың ақыл-ой мүмкіндігін ашып, дамытуға күш салады.Ал,сенсорлы кабинетте психологиялық жұмыс жүргізіп қана қоймай, балалардың ұсақ моторикасын дамытуға негізделген. 73952fb6-6558-49a0-a94f-e2798174be66

Сұхбат

PhotoRoom