«Шырайлы Шымкент» байқауы басталды

Аймақ
01.06.2017, 15:50

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мәлімдеді. Жыл сайын өтетін дәстүрлі байқауға республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатыса алады.

18700183 1923032711276420 8303666008555775325 n

– Шараның мақсаты – Шымкенттің көрікті жерлерін паш ету. Ал ондай әсем орындар жүздеген жылдық тарихы бар қаламызда жетіп артылады. Байқауға жіберілген материалдарды комиссия мүшелерімен мұқият қарап, нәтижелерін интернетте жариялайтын боламыз, – деді Қайрат Нұртай.

Байқау «Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы туралы ең қызықты жарияланым», «Бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласы туралы ең қызықты мақала», «Облыстық деңгейдегі ресми сайттарында Шымкент қаласы туралы ең қызықты материал», «Республикалық деңгейдегі ресми сайттарда Шымкент қаласы туралы ең қызықты мақала», «Шымкент қаласы туралы телеарналардағы «Үздік сюжет», «Шымкент туралы эссе», «Фото-бейне жарияланымдар» номинациялары бойынша өткізіледі.

Материалдар 2017 жылдың 30 тамызына дейін «Шырайлы Шымкент» тақырыбымен (ngoasaa2017@gmail.com) электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Марапаттау рәсімі қыркүйек айында өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom