«Шырайлы Шымкент» жобасына қатысушылардың қатары артқан 

Аймақ
06.06.2017, 22:39

Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық «Шырайлы Шымкент» тақырыбындағы эссе мен жоба жарысы қала тарихы мен мәдениетін зерделеген ілкімді шараға айналып отыр. Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жас кәсіпкер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқаудың басты мақсаты – Шымкент қаласын өзге өңірлерде кеңінен насихаттап, шағармашыл жастарды қолдау. logo

Байқауға еліміз бойынша барлығы 269 өтініш түскен. Атап айтсақ, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан 110, Оңтүстік облысының аудан қалаларынан 120 және Шымкент қаласынан 39 жұмыс қабылданған.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Ақмола облысы Зеренді ауданының тумасы Алина Мороз Шымкент қаласының бүгінгі сәулет-келбетінен ерекше әсер алғанын айтады. Жобаның алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімділігін жеткізген байқауға қатысушылар шығармашылық қабілетті айқындайтын мұндай шараларға белсене қатысуға ниетті.

Сұхбат

PhotoRoom