Шмкенттегі «Сайрам» тұрғын алабы жаңа кейіпке енбек

Аймақ
07.06.2017, 23:11

«Сайрам» тұрғын алабы жаңа кейіпке енбек. Кезінде Испиджаб деп аталған, қазіргі Шымкенттің көне ауданының көшелерінде таяу болашақта сәулет ескерткіштері мен заманауи ғимараттар қатар бой түзейді.

30aa6dd0-3d9a-4cf8-962b-99a4a1ca9f85

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов аталған тұрғын алапқа барып, тұрғындармен кездесті. Сапар барысында алдағы жоспарды қалай жүзеге асыру керектігін жергілікті тұрғындармен ақылдасты. Билік өкілдерінің «Сайрам» тұрғын алабындағы көшпелі отырысы Наурыз алаңын аралаудан басталды. Ашылғанына 26 жыл болған бұл саябақта қазір қайта құру жұмыстары жүруде. Енді екі аптадан соң жөндеу аяқталмақ.

Кездесуде орталық көшелердің ахуалы да сөз болды. Шаһар басшысы осындағы кафелер мен дүкендердің иелерін ғимараттарды жөндеп, әрлеуді, таза ұстауды тапсырды. Бұл елдімекеннің көшелері де шұғыл жөндеуді қажет етеді. Осы ретте әкім тұрғын алабының орталық көшесіндегі шұңқырларды тез арада жөндеуге нұсқау берді. Ал Леңгірге апаратын жол толық жөнделмек.

– Қазір міне, саябақ пен бірнеше көшені аралап көрдік. Ескі айналма әткеншекті орнынан аламыз. Көшенің көркін бұзған орындарды да ретке келтіреміз. Тұрғын ретінде сіздер өз ұсыныстарыңызды айтыңыздар, біз бірге ақылдасып шешеміз, – деді қала әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom