Кулагин егін ору науқанын бақылап қайтты

Аймақ
23.09.2014, 18:30

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Бұланды, Ақкөл және Шортанды аудандарында болып, егін орағының барысымен танысыпты. Бұл туралы облыс әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өңір басшысы алдымен Бұланды ауданына атбасын тіреп, егістік алқаптарын аралап көрді. Қазіргі кезде ауданда 82,3 мың гектар алқаптың асығы жиналып үлгерді. Астық шығымы гектарынан 11 центнерден айналуда.

Аймақ басшысының сапары одан әрі Ақкөл ауданында жалғасты. Мұнда да Сергей Кулагин егістік алқаптарында да болып егін орағына назар аударды. Осы орайда аудан диқандарына ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, құтты қамбаға құйып алуды тапсырды. Сондай-ақ әкім Наумовка селосында жаңадан салынып жатқан бу қазандығының құрылысымен танысты. Аталған қазандық құрылысына облыстық бюджеттен 49 миллион теңге бөлінген.

Сонымен қатар аймақ басшысы осындағы селолық мәдениет үйі мен орта мектепте болды. Соңғысында 90 бала екі ауысымда білім алуда. Ауылда балабақша да жұмыс істейді. Онда 20 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.

Білім ордасын аралап көрген облыс әкімі нысанға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Сапар соңында С.Кулагин Шортанды ауданында да болды.

Сұхбат

PhotoRoom