Егіс науқанына дайынбыз ба?

Жаңалықтар
13.06.2017, 14:57

46

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу мәселелері бойынша Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау және егістіктердің фитосанитарлық қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Отырыс барысында өңірлердегі көктемгі егіс жұмыстарының нәтижелері және АӨК дамыту Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы отырыс барысында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының әкімдері А. Мұхамбетов, Қ. Ақсақалов, М. Мұрзалин, А. Баталов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемов, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер – шаруа қожалықтарының басшылары А. Касицин, М. Фазулов баяндады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау 3,3 есеге, минералды тыңайтқыштарды қолдану – 1,5 есеге ұлғайғанын хабарлады. Жалпы АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасындағы белгіленген өндірісті әртараптандыру бойынша индикатор асыра орындалса, көктемгі егіс жұмыстары аясында жоспарланған индикаторлар толық орындалды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне тыңайтқыш өндірушілерге қолдау көрсетуді және минералды тыңайтқыштар өндірісі көлемін арттыру және оларды тұтынушыларға жеткізу мәселелерін пысықтауды тапсырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек және өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау құралдарымен заманауи өңдеу шараларын қолдану қажет.

Аталған жұмысты жалпы үйлестіру ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовке жүктелді.

Егіс алқаптарының құрылымы

Егіс егу қорытындылары бойынша қажетті дақылдар алқабы 1 351 мың га жерге дейін арттырылды,оның ішінде:

  • майлы дақылдар – 337 мың га;
  • жасымық, бұршақ, ноқат және басқа да бұршақ дәнділер – 209 мың га;
  • жемшөп – 555 мың га;
  • арпа, сұлы, қарабидай және басқа да дәнді жемшөптер – 235 мың га;
  • астыққа жүгері – 8 мың га;
  • қант қызылшасы – 7 мың га немесе 1,5 есе.

Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу облыстардың министрлік пен әкімдіктердің арасында қол қойылған 2021 жылға дейінгі меморандумдардың нақты көрсеткіштерін орындауы есебінен мүмкін болды.

Өндіруді арттыру жоспарлануда:

- отандық қант 2016 жылғы 36 мың тоннадан 2017 жылы 54 мың тоннаға дейін артады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге.

- майлы дәндер 1,5 млн. тоннадан 1,9 млн. тоннаға дейін артады.

Тұқым шаруашылығы

Тұқым шаруашылығын қолдау тетігі жетілдірілді. Түпкі және элиталық тұқымдар субсидияланады, алғашқы репродукция тұқымдары тек басым дақылдар бойынша және минимальді нормаларсыз  субсидияланады. Сонымен қатар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің және алғашқы буындағы гибридтердің элиталы көшеттері субсидияланады.

Тұқым шаруашылығын субсидиялау үшін 7,9 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 3,3 есеге артық

(2,4 млрд. теңге).

Түпкі және элиталы тұқымдар өндіру қалпына келтірілді, тұқым шаруашылығын қолдау бойынша басқа да шаралар қабылданды. Нәтижесінде, биыл қолданылған элиталы тұқымдар көлемі 40%, 83 мың тоннадан 117 мың тоннаға дейін өсті.

Минерал тыңайтқыштарды пайдалану

Минерал тыңайтқыштарды субсидиялау тетіктері қайта қаралды. Тыңайтқыштармен тыңайту қажеттіліктен 14% дейін жетеді (бұрын орта есеппен 10% артпайтын).

409 мың тонна ұсынылды, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 1,5 есе көп - 261 мың тонна.

10 маусымдағы жағдай бойынша 260  мың тонна тыңайтқыш алынған. Бұл өткен жылдың барлық көлемі дерлік  (261 мың тонна).

Субсидияланатын тыңайтқыштар ассортименті 2016 жылғы 85-тен 2017 жылы 161ге дейін артты.

ЖЖМ қамту

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін дизельді отынға қажеттілік толық көлемде өтелді.

Жазғы егіс кезеңінде акциздер мөлшерлемесін төмендету туралы Үкімет шешімі дизельді отын бағасын еліміз бойынша орта есеппен бір литрі үшін 123 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде Энергетика министрлігімен алдағы жиын-терін жұмыстарына дизельді отын көлемін келісісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алдағы жиын-терін жұмыстарына дизельді отынды жеткізу көлемі анықталды, облыс әкімдіктерінің тапсырыстарының негізінде бұл қажеттілік 432 мың тоннаны құрайды.

Шілде-қазан айларында (қант қызылшасын жинауды ескерумен) ҚР ЭМ-мен облыстарды МӨЗ-на бекіту кестесі келісілді.

Көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіру

Көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарына несиелер түпкі қарыз алушыға жылына  6% беріледі (өткен жылы ол 9-10% болған). Несиелендіру бір айға ерте басталды.

2017 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша 1878 аулы шаруашылығы тауарларын өндіруші несиелендірумен қамтылды, 3,0 млн. га егіс алқабына өтініштер қаралды, жалпы сомасы 58,4 млрд. теңгеге несие бөлінді.

Сонымен қатар «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашлығы өнімдерін уақытша сатып алуды жүзеге асырады, бұл өнімді өткізуге кепілдік беруді қамтамасыз етеді.

Парларды өңдеу

Биыл пар телімдерінде 3,2 млн. га егістік жері бөлінді, бұл суарылмайтын аңыздың 14% құрайды. Парларды өңдеу және минерал тыңайтқыштармен қосымша тыңайту бойынша негізгі жұмыстар маусым айының екінші жартысында басталады.

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу қорытындысы туралы

Қазақстан 2016 жылдың қорытындысында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің “еңбек нарығының тиімділігі” бағытында көшбасшы мемлекеттер отыздығына еніп, 20-шы орын алды. Бұл әлеуметтік серіктес тараптармен бірге жүргізілген жүйелі шаралардың нәтижесі.

Еңбек тәуекелдері картасы мен үшжақты әлеуметтік серіктестік аясында, республика кәсіпорындарында әлеуметтік жайлылық жағдайына ай сайын мониторинг жүргізілуде. Карта бойынша айына жүз мыңнан (100 000) астам жұмысшысы бар екі жүз елуден (250) артық тәуекел деңгейіндегі кәсіпорын назарға ілігеді.

Үкімет қолға алған шаралардың арқасында еңбек кикілжіңдерінің азайғаны байқалуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіподақтар федерациясымен бірлескен райда, кәсіподақтар қызметін жетілдіру мен еңбек кикілжіңдерін шешу мәселелері бойынша заң жобасы тұжырымдамасын әзірледі. Жоғарғы сот еңбек дауларын шешуде соттардың заңнаманы қолдануын айқындайтын жаңа нормативтік қаулы дайындады.

Биылғы 5 ай ауқымында 10 мыңнан астам жұмысшының 1,5 млрд теңге қарызы өндірілді. Дегенмен, 2017 жылдың маусым айындағы еңбекақы бойынша қарыз 88 млн теңгені құраса, мерзімі өтіп кеткен берешек 322 млн теңгені көрсетуде.

2016 жылы өндірісте зардап шеккендер саны 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға азайды (1723 адамнан 1683 адамға).

Өткен жылы 670 мыңнан астам жұмысшы зиянды еңбек ахуалындағы жұмысы үшін түрлі өтемақыларға ие болды. Бұл мақсатқа жұмыс берушілер жағы 100 млрд. теңге бөлді.

Жақын арадағы үш жылда, зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында, қысқартылған жұмыс уақытын, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын және сүт немесе сүтке тең емдік-алдын алу тамақтарын тағайындау туралы салалық қағидаттар қайта сараптаудан өтпек. Сонымен қатар, Министрлікте әйелдер еңбегін реттеуге ерекше көңіл бөлінбек.

Сұхбат

PhotoRoom