ШЫМКЕНТТЕ “KAZAGROVETSNAB” ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

Аймақ
22.06.2017, 22:04

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ. “ҚАЗАГРОВЕТСНАБ” ДЕП АТАЛАТЫН САУДА ОРНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЕГІНШІЛІКПЕН АЙНАЛЫСУҒА ҚАЖЕТТІНІҢ БАРЛЫҒЫ БАР. БҰЛ ДҮКЕННІҢ БАСШЫЛАРЫ ЕНДІ КҮНГЕЙДЕГІ ШАРУАЛАРДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАП, ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КӨПІР БОЛАМЫЗ ДЕЙДІ.

Агродүкеннің салтанатты ашылу шарасына өңіріміздегі ірі компания өкілдері мен шаруа иелері қатысты. Жаңа сауда орнының тауарларымен танысқан келушілер бұл дүкеннің ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы зор екеніне көз жеткізді. Бес жылдан бері бау егумен қарқынды айналасып келген Сапарбек Ержігітов те алыстан арқаламай, арзан бағамен шаруасына қажеттінің бәрін енді бір жерден алатынын айтып, қуанышын білдірді. Сондай-ақ, бағбан жаңа дүкен кәсіпкерлердің көңілінен шығып, әр шаруаға қолайлы болатынына сенімді.

Шымкентте "KazAgroVet Snab" дүкені ашылды

Оңтүстік Қазақстан еліміздің астық, көкөніс және мақта шаруашылықтарындағы ең дамыған облыс болғандықтан, компания басшылары бүгінде отандық және шетелдерден әкелінген ең сапалы және қажетті деген барлық тауарды жеткізіп отыр. Швейцариялық “Сингента” фирмасының шөптер мен зиянкестерге қарсы сапалы химикаттары, тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығына қажеттінің бәрі де осында. Сондай-ақ, дүкен қызметшілері әр келушіге тауарларды қолданудағы әдіс-тәсілдерін үйретіп, кеңестерімен бөліседі.

Шымкентте "KazAgroVet Snab" дүкені ашылды

Сонымен қатар “ҚазАгроВетСнаб” компаниясы клиентеріне өз тараптарынан тегін қызметтерін де ұсынады. Яғни, фирма өкілдері дәнді дақыл өсірумен айналысатын шаруалардың өңдеу жұмыстары мен дәнді шашып беру жұмыстарын қолға алып отыр. Сондай-ақ, осындағы тауарларды мемлекеттік жеңілдіктер мен тиімді бағада сатып алуға мүмкіндік бар. Ең соңғы үлгідегі тамшылатып суару технологиясына қажетті барлық құрал-жабдықты да осы жерден табасыз. “ҚазАгроВетСнаб” дүкені сіздер үшін үзіліссіз жұмыс жасайды.

Сұхбат

PhotoRoom