Финляндия Парламенті төрағасының бірінші орынбасары ЭКСПО туралы ойын айтты

Жаңалықтар
22.06.2017, 22:59

Бүгін Мәжілісте Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Парламенті төрағасының бірінші орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.kz.

Фин парламентшісі Астанада «Инновациялар экономикасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбымен өтіп жатқан Халықаралық парламенттік конференцияға қатысуда.4428544dc27d6334bb4802d33d09b850_resize_w_520_h_

Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екендігін оған мемлекет басшыларының достық қатынастары игі ықпал ететінін тілге тиек етті. Қазақстан-фин серіктестіктерінің келешекте де кеңейе беруіне жақында ғана елімізге келіп кеткен Финляндия Президенті Саули Ниинистенің іс сапарының нәтижесіне де байланысты.

Н. Нығматулин мен М.Пеккаринен парламентаралық өзара байланыстарды өркендету мәселесін де қозғады.

Фин парламентшісі Астанадағы ЭКСПО жайында – оның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды. Әрі осы көрме арқылы Қазақстанның әлем алдындағы абыройы көтеріле түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар М.Пеккаринен «жасыл технологияны» дамыту – дүниежүзінің алдында тұрған өзекті мәселе екендігін де атап өтті.

Айта кетейік, күні кеше Елбасы Финляндия Президентімен бірге «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы Финляндия павильонын тамашалап қайтты. Мемлекет басшылары сондай-ақ Қазақстанның экспозициялары қойылған «Нұр Əлем» кешенін аралап шыққан болатын.

Сұхбат

PhotoRoom