ҚР ИДМ-ДЕ ВЕНЧУРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ БОЛДЫ

Жаңалықтар
23.06.2017, 23:54

2017 жылғы 23 маусымда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Т.С.Тоқтабаевтың жетекшілігімен венчурлік қаржыландыру туралы Заң жобасын әзірлеуге қатысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, венчурлік қорлар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі  және басқа да ұйым өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.dtir_4

Талқылауға шамамен 50 ұйым өкілдері қатысты.

Заңда қазіргі заманғы халықаралық тәжірибеге негізделген, сонымен қатар, венчурлік инвестициялау нарық сегментінің қатысушыларын мемлекеттік ынталандыру, венчурлік қор ұйымдары жүйесін тиімді заңнамалық енгізу жолымен Қазақстанда венчурлік инвестициялауды дамыту ұсынылады. dtir_1_0

Қатысушылар инвестициялық жобалар мен түрлі инновациялық кезеңдерді инвестициялаудың тәуекелді салаларын жандандыру үшін заң жобасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.dtir_2_0

Қатысушылардың барлық ұсынысын Министрлік талдаудан өткізіп, бекітілген нұсқасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жолдайтын болады.

Сұхбат

PhotoRoom