«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында бүгін Литваның ұлттық күні атап өтілді

Жаңалықтар
24.06.2017, 00:52

Келушілер елдің лазерлік технологиясымен жіті танысып, әлемге танымал камералы НИКО оркестрінің музыкалық энергиясынан қуат алды.

 

Ұлттық күн аясында ресми делегация Қазақстанның «Нұр-Әлем» павильоны мен Литваның павильонына барып, лазерлік шоу тамашалады.expo-vystavka

Сата қоятын табиғи байлығы жоқ, шағын мемлекет. Алайда литвалықтардың ең үлкен мақтанышы бар. Ол – лазер. Лазер – Литва экономикасының тірегі. Бұл ел өткен жылы лазер саудасынан 80 млн еуро табыс көрген. Ғылым үшін қолданылатын лазердің 10 пайызы осы елде әзірленеді.

Ромас Янкаускас, Литва павильонының комиссары:  -«Сәуле» сөзінің литва және қазақ тілінде дыбысталуы бірдей. Лазер - біздің мақтанашымыз. Әлемде ғылым үшін қолданылатын лазердің 10 пайызы Литвада шығарылған. Сондықтан біз оған павильонда ауқымды жер бөлдік. Лазерлік сахнаны әзірлеу оңай болған жоқ, 12 километр кабель кетті.

Литва Еуроодақтағы 27 ел арасында жасыл энергияны пайдалану бойынша алдыда тұр. Елдегі күн батареялары жылына 73 ГВт энергия өндірсе, жел электрстанциялары сағатына 1,131 ТВт энергия береді.  Жалпы бұл ел қоршаған ортаны ластамауға үлкен мән береді. Сөзіміздің дәлелі – осы кісі. Литваның қоршаған ортаны қорғау министрі Кястутис Навицкас. Өздігінен сырғанайтын мына құрылғы оның күнделікті көлігі десе де болады.a0a00035bfa38536a03b336c0418c21b_L

Кястутис Навицкас, Литваның Қоршаған ортаны қорғау министрі: -Біріншіден, бұл өте ыңғайлы. Климатты ластамайды, экологиялық таза. Литвада жүргенде де жақын қашықтықтарға осымен жүремін. Көрменің тақырыбы бізге қатты ұнады. Менің ойымша, болашақтың энергиясы жел мен күннің  қуатында.

Балықтан балмұздақ, балдан уылдырық. Бұл – Литва асханасының шексіз мүмкіндігі. Павильонда тіпті шағын наубайхана да орналасқан. Сондықтан лазерден шуақ, музыкадан қуат, ал ерекше тағамнан дәм татқыңыз келсе, Астанадағы Литваның бөлшегімен, яғни павильонға келіңіз. Айтпақшы, тағы бір сәйкестік, 6 шілде – Литва мемлекетінің қайта құрылған күні. Биыл біз Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өткенде, Литва 100 жылдық тарихын тойлайды.

Дерек көзі: khabar.kz

Сұхбат

PhotoRoom