Кулагин Көкшетаудың орталық саябағын аралады

Аймақ
29.09.2014, 21:10

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы орталық саябақ, Даңқ аллеясын аралап көріп, осында қолға алынған құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы алдымен Көкшетаудағы орталық саябақта болып, ондағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. 2013 жылы күрделі жөндеуден өткен демалыс орнына бүгінгі күні қала тұрғындары көптеп жиналатын болды.  Саябақты аралап көрген облыс әкімі Сергей Кулагин абаттандыру жұмыстарын қолға алған «Зеленстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Геннадий Осиненкоға әрбір ағаш көшеттерін асқан ұқыптылықпен отырғызуды, сондай-ақ, табиғи газондармен көмкеруді тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысы Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Мәлік Ғабудуллиннің ескерткіші орнатылатын жерді көрді. Бұл -орталық саябақтың Даңқ аллеясымен түйісер жері. Сондықтан, облыс әкімі қала басшылығына  Даңқ аллеясының Абай көшесін қиып өтетін тұсын жаяулар жүретін жол ретінде қайта жөндеу жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Бұдан кейін облыс әкімі Сергей Кулагин Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай қолға алынған Даңқ аллеясын жаңарту жұмыстарымен жіті танысты. Оны жаңартып, өзгеше келбет беруге облыстық бюджеттен 122 миллион теңге  қаржы бөлінді. Жобаға сәйкес, мұнда бұрынғы ағаштар аумағы кеңейтіліп, демалыс алаңын жасау қарастырылған. Бұл жұмыстарды қостанайлық «Ковальт» жеке меншік кәсіпорны атқаруда. Құрылыс барысын баяндап берген кәсіпорын басшысы Сергей Ковальттың айтуынша, аллеяның орталық тұсына гүлзарлар жасалып, керамограниттен батыр қалалардың атаулары жазылған мемориалдық тақталар қайта жөнделіп, орнатылуда. Сондай-ақ, ескі шам бағаналары жаңаларына ауыстырылмақшы. Әсіресе, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, даңқты ұшқыш, жерлесіміз Талғат Бигелдиновтің мүсінінің маңынан Мәңгілік алауға дейін шырша мен қайың, өзге де ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Мәңгілік алау тұғыры мен Даңқ аллеясының қабырғасын жөндеу жұмыстары қолға алынған. Осы орайда, облыс әкімі Сергей Кулагин аталған нысанның сиқын бұзып тұрған ескі жер үйлердің маңын көзден тасалау мақсатында шарбақтармен қоршауды және ағаш отырғызып, абаттандыру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысы «Көкшетау» мәдениет сарайының маңына да назар аударды

Сұхбат

PhotoRoom