EXPO-да Түркіменстанның ұлттық күні өтті

Жаңалықтар
30.06.2017, 00:23

Экономикасы шикізат экспортына негізделген Түркіменстан да баламалы қуат көздеріне ерекше ден қоя бастады. Бұл жөнінде ЭКСПО көрмесі аясындағы көрші елдің ұлттық күнінде белгілі болды. Тарих, дәстүр және технологияны шебер үндестірген салтанатты шара болды. Бұл туралы 24.kz сайты жазады.   Жасыл технологиядан бөлек, қазақ пен түрікмен халықтарына бұрыннан ортақ нәрселер өте көп. Түркіменстан павильондарының өкілдері бүгін ұлттық күнде оған ерекше мән берген. Яғни ұлттық киімдері, дәстүрлері, тарихы болсын, барлығының да ұқсақстықтары көп. hqdefaultТүрікмендер қазақтар сияқты бүркітті , жылқыны жақсы көреді. Және әлі күнге дейін біздің аламан бәйгелер сияқты үлкен додаларды өткізіп тұрады. Бір қызығы түрікмен халқы жылқы етін жемейді екен. Бұл қазақтар мен түрікмен арасындағы мүмкін жалғыз айырмашылық қана шығар. Мұражай сияқты жасалған павильонда жәдігерлерді ғана емес, жалпы түрікмен халқының ұлттық құндылықтарын ұстап көруге болады, киіп көруге болады. Мәселен «телпек» бас киімі көшпелі халық болғаннан кейін мал бағуға, көшіп қонуға өте ыңғайлы. Біздің елмен бір ұқсастық – киіз үй. Оның аса қатты айырмашылығы жоқ, кейбір элементтері болмаса, өзіміздің қазақ киіз үйіне қатты ұқсайды. Осылай кезінде түркімен халқы бір жерден екінші жерге, жайлаудан қыстауға көшіп жүрген.25909-6-komissar_sekcii_finlya_ruБұлар тек тарихқа қатысты дүниелер ғана. Ал бертін келе Түркіменстанда мұнай табылды, газ табылды. Үлкен экспорттаушы елге айналды. Сәйкесінше энергия көздерін де дәл осы шикізаттардан алатын болған. Біздің ел сияқты баламалы қуат көздеріне көңіл бөле бастады. Бүгін мына салтанатты шарада еліміздің Энергетика министрінің орынбасары қазір екі ел арасындағы Президенттердің уағдаластықтарын орындауға көңіл бөліп отыр. Соның ішінде баламалы қуат көздерін игеруге аса қатты мән беріліп жатқаны айтылады. Мәселен Түркіменстанда қазір ауылшаруашылығына қатысты пилоттық жоба көрсетілген. Шағын ауылда энергияны күннен, желден және малдың көңінен газ алады екен. Дәл осылай бір ауыл ешқандай шикізатсыз өзін-өзі қамтамасыз етуге болады. Қолдан келетін шаруа дейді. Болашақта түркімендер жаппай осындай жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Осындай шағын ауылдардың, әсіресе аулшаруашылығымен айналысатын ауылдардың үлгілері көп. Бұған қоса ғарыш және энергетика салаларындағы басқа да жетістіктер көрініс тапқан. Павильонның аумағы 1000 шаршы шақырымды алып жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom