ЭКСПО-2017 көрмесіне «Қорғас» ХШЫО өнеркәсіп және көлік әлеуеті ұсынылды

Жаңалықтар
03.07.2017, 23:14

ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында «Қорғас» ХШЫО-ның бірлескен қазақстан-қытай жобасының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz. Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Перуашевтің айтуынша, «Қорғас Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың және тату көршіліктің тарихи куәгері болып табылады».328e53429e64622821ae28c05a2bab12_resize_w_520_h_

Мәжіліс депутаты «Қорғас ХШЫО болашағының шекаралық серіктестік аясын кеңейте түсуінен, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуынан көрінетіндігін атап өтті».

«Қорғас ХШЫО» АҚ президенті Қ. Джазиннің айтуынша, аталмыш жоба көпформатты трансшекаралық ынтымақтастықтың табысты атқарылып жатқандығын көрсетеді. Орталық саяси, сауда- экономикалық, ғылыми- техникалық, гуманитарлық –мәдени салалардағы тиімді ынтымақтастықты дамытудың зор әлеуетіне ие.

Мұндай екі ел шектесетін шекаралық өңірінде ынтымақтастық аймағын ашу бастамашылық идеясы Қазақстан Президентінің 2002 жылы желтоқсанда Қытайға сапары барысында туындаған болатын.

Сол кезде жаңа форматтағы өзара тиімді сауда-саттық пен инвестициялық ынтымақтастықтың алғы шарттары жасалған болатын.

«Қазіргі таңда Қорғас көпсалалы хаб ретінде танымал. Оның құрамында теміржол, автожол өткелдері, әуе тасымалы, газ құбыры, туристік саяхат мүмкіндіктері қарастырылған. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жедел құрылысымен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы «Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасы бірлескен түрде жүзеге асырылуда. Біз бірлескен жобаларды жүзеге асыра отырып өзара қолдасып инновациялық және мәдени даму, өркендеуді қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз», - дейді Қорғас қаласының мэрі Мурал Әбілмәжин.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, тұсаукесер рәсіміне қатысушылар «Қорғас ХШЫО» өнеркәсіп және көліктік әлеуетімен танысты.

Дәстүрге айналған қазақстан-қытай тұсаукесер рәсімі бірқатар тұрақты инвесторлар мен кәсіпкерлердің назарын аударды.

 

Сұхбат

PhotoRoom