ЭКСПО-2017 көрмесіне Австрияның «жасыл» технологиялар саласындағы ең басты сарапшылары мен технологтары қатысуда

Жаңалықтар
03.07.2017, 20:14

Бүгін, 3 шілдеде «Астана ЭКСПО-2017» Медиа-орталығында Австрия Павильонының контенттік және мәдени-сауықтыру бағдарламасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға Австрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Герхард Сайллер, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Австрия Республикасының Вице-комиссары Рудольф Ружичка, ҚР-ндағы Австрия Елшілігінің Сауда бөлімінің жетекшісі Михаэль Мюллер және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Іс-шараларды ұйымдастыру және контент департаментінің директоры Марат Омаров қатысты.austria_news2

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Австрия павильоны нағыз ойын алаңын келтіріп тұрған ең ерекше павильон. Оның негізгі экспонаты болып табылатын «Күштік машинасы» келушілерге ойын түрінде энергияны әртүрлі құрылғылар мен механизмдер арқылы байқап көруге мүмкіндік береді.

«Австрия соңғы бірнеше онжылдық ішінде баламалы энергетиканы дамытуға белсенді тырысып жатыр. Осылайша Австрияның жалпы энергиясының 1/3 бөлігі мен электр тоғының 2/3 бөлігі жаңғыртылатын энергия көздеріне тиесілі. Сонымен қатар, Вена инфрақұрылымнан бастап энергетикаға дейінгі қалалық дамудың барлық аспектілері кіретін ең озық smart-шешімдері іске асырылған әлемнің ең «ақылды» қалаларының ондығына кіреді. Астанаға Австрияның ең басты сарапшылары мен технологтары Қазақстандағы көптеген бастамалар туралы білуге және сарапшылармен бірлесіп жаңа шешімдерді іздеп табуға келеді», - деді Рудольф Ружичка.austria_news3

Сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Австрия павильоны мен «Red Bull» компаниясы бірлесіп, Иоган Себастьян Бах классикасы мен тамаша брейкдансты байланыстыра алған бірегей әрі әсерлі музыкалық қойылымды ұйымдастырады. Осы би түріндегі төрт дүркін әлем чемпиондары Flying Steps командасы қалыпты концерттік көрсетілімдердің бейнесін бұза отырып, брейкданстың күштік қимылдары мен классикалық аккордтардың керемет үйлесім таба алатынын көрсетіп дәлелдейді. Flying Steps 10 тамыз күні ЭКСПО-2017 аясында Энрегия Холлында өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Австрия павильоны қонақтарына «Болашақ энергиясын» ойын түрінде ғана емес, австриялық және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін көптеген іскерлік шаралар арқылы танытпақ.

Сұхбат

PhotoRoom