EXPO-2017 көрмесі аясында Германияның Ұлттық күні өтуде

Жаңалықтар
12.07.2017, 12:52

Бүгін Германия Федеративті Республикасының Федералдық Президенті Ф.-В.Штайнмайер мен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі аясында Германияның Ұлттық күнін ашты.0s7a2122

Германияның Федералдық Президенті Ф.-В.Штайнмайер көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар ол, көрмеге қонақтардың көптеп келуіне тілектестігін білдірді.

Ж.Қасымбек Германияның энергия тиімділік, энергия үнемдеу мен жаңартылған энергия көздері саласы бойынша әлемдік көшбасшы болып табылатынын және оны Германия EXPO-2017 көрмесінде тағы көрсетіп отырғанын атап өтті.0s7a2292re_0

«Германия павильонының «Энергия дұрыс бағытта» деп аталатын тұжырымдамасы ең танымал әрі көлемді тұжырымдамалардың бірі болып табылады. Мұнда ұлтаралық байланыстар мен бизнес байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін іскерлік және мәдени шаралардың өтетіні қуантады»,-деді министр.

Сонымен қатар, министр екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенінің нәтижесінде шикізат, өнеркәсіп және технология саласындағы серіктестік туралы бірегей Келісімнің барын атап өтті.

«Болашақтың энергиясы» жақын уақытта барша әлем үшін нағыз энергия болуын қалаймын. Ал, инновация арқылы қайта өңделген күн, жел және су энергиясы тұрақты дамуды қамтамасыз етіп, адамзат игілігі үшін ұзақ әрі сапалы қызмет етуін тілеймін»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Ұлттық күн Бағдарламасы аясында көрмеге келушілердің назарына  Йойо Вендтпен PASCH балалар хорының орындауындағы, сонымен қатар, музыкалық және вокалды нөмірлер ұсынылды.

Сұхбат

PhotoRoom