МАҚСАТ ҚАБАШЕВ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ГРУЗИЯДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Жаңалықтар
13.07.2017, 23:32

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы Тбилисиде 19 қазақстандық өндірушілердің өнімдерімен таныстыру мақсатында бизнес-форум өткізді. Форумның нәтижесінде бірқатар экспорттық келісім-шарттарға қол қоюға әзірленуде.foto-1

- Грузияға қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бастапқы көлемі – айына 4 жүк көлігі. Бұл отандық өндірушіге жақсы кепілді тапсырыс болып табылмақ. Сонымен қатар, грузиялық супермаркеттерге биоқаптар жеткізілмек. Келесі жылдан бастап, Грузияда полиэтиленді қаптарды өндіруге және импорттауға тыйым салынады, сондықтан біздің өндірушілер ұсынған өнім сауда желілері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Айына ең төменгі жеткізу көлемі – 500 мың бірлік, - «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев мәлімдеді.

Ашылып жатқан экспорттық мүмкіндіктер отандық тауар өндірушілерге еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты жоспарлауға мүмкіндік береді. Өнімдерді  кейіннен ЕО елдерінде жүзеге асыру үшін оларды сертификаттау бойынша жұмыстар басталды.

-  Біздің өндірушілер еуропалық нарыққа шығу үшін, сертификаттаудың барлық кезеңдерін өтуге дайын. Қазақстандық өнімдер Грузияда жүзеге асырыла бастады және болашақта экспорттық мүмкіндіктердің кеңейетіні қазірдің өзінде айқын. Экспорттық қолдау  «KAZAKH INVEST» компаниясы жұмысының бағыттарының бірі. Біздің басты мақсатымыз – елімізде ең алдымен экспортқа бағытталған өндірістерді құру үшін, Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту, - деп Мақсат Қабашев мәлімдеді.

Сұхбат

PhotoRoom