Оңтүстік Қазақстанда елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылады

Жаңалықтар
15.07.2017, 00:50

Оңтүстік Қазақстанда елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылады. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысан құрылысының жұмысымен облыс  әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысты.bac908cb-80cd-4ca0-bc39-b3ad0366c27b

«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан алып зауыт 2018 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда. «Asia Trafo» ЖШС-нің қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформаторлар шығаратын бірден-бір зауытқа айналмақ. Индустриаландыру картасы аясында іске асқан бұл жобаның құны 17,5 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорында 220 жұмыс орны құрылатын болады.48e0d100-9a74-42f2-aef4-888a25bbc097

Қазір Қазақстан мұндай трансформаторларды Қытайдан, Украинадан және Ресейден сатып алып жатыр. Аталған зауыт іске асырылғанда Қазақстан мен  ТМД елдерін аталған жабдықпен қамтиды деп күтілуде. Яғни, бәсекелестікке төтеп беретін өнімдердің 50 пайызы ТМД елдеріне экспортталмақ. Зауытта «High volt», «Knutch» (Германия), «Tuboly astronic», «Mika fluit» (Швейцария), «Hikon» (Хорватия) және басқа (Түркия, Қытай) фирмаларының жабдықтарын қолданатын болады.

Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынуда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс аумағында бұдан бөлек жалпы көлемі 699 га  құрайтын 9 индустриялық аймақ жұмыс істеуде. Одан бөлек, қосымша 2 индустриялық аймақта инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.  Барлық индустриялық аймақтарда жалпы сомасы 198,3 млрд. теңгені құрайтын, 13 мың жұмыс орны ашылатын 170 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін инвестиция көлемі 36,4 млрд. теңгені құрайтын 4 мыңнан астам жұмыс орны бар  66 жоба іске қосылған.

Сұхбат

PhotoRoom