ЕХРО-2017 көрмесіне билеттер тек үш санат бойынша сатылмақ

Жаңалықтар
15.07.2017, 00:56

ЕХРО-2017 көрмесіне билеттер тек үш санат бойынша сатылатын болад. Олар – көрмеге тек белгіленген күні келуге құқық беретін 4 мың теңгелік билет, көрмеге аптаның кез келген күнінде баруға мүмкіндік беретін 6 мың теңгелік және 2 мың теңгелік кешкі билеттер. Яғни демалыс күндерге арналған билеттер енді болмайды. cc5450d2f9f59aa929a693aad356c50b_LАл абонемент 50%-ға арзандап, шілде ортасынан бастап 25 мың теңгеден сатылады. Сәйкесінше зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін абонемент құны 12 мың 500 теңгені құрайды. ЕХРО-2017 көрмесі сауда департаментінің директоры Дәурен Еркінбаевтың айтуынша, бұл өзгерістер әлеуметтік маркетингтік зерттеулерден кейін енгізілді. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін барлығы 1 млн 860 мың билет сатылған.102191-preview-image

Дәурен Еркінбаев, «Астана ЕХРО-2017» ҰК АҚ департамент директоры: - Көрмеге тек белгілі бір демалыс күні ғана келу құқығы бар, бірақ оны осы күнге дейін қолданбай келген әрбір азамат мың теңгеге қосымша билет алып, оны алдын ала өзі таңдаған күнге белгілей алады. Ал көрмеге кез келген демалыс күні келу мүмкіндігі болған азаматтар ЕХРО аумағына өзі қалаған уақытта екі мәрте өте алады.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom