ОҚО-ғы кілем фабрикасы өнімін әлемнің 8 еліне экспорттайды

Жаңалықтар
16.07.2017, 22:02

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем фабрикасы бүгінде 2 мыңға жуық кілем дизайнын тоқып шығарады. Халықаралық деңгейдегі отандық тұңғыш кілем тоқыма фабрикасы жылына 5 млн. шаршы метр кілем және кілем өнімдерін, сондай-ақ, 4 мың тонна полипропиленді жіп өнімдерін жасап шығарады.e4da3b7fbbce2345d7772b0674a318d5

240 адам жұмыс істейтін фабрикада өткен жылы 3 млн. шаршы метр кілем тоқылған. Мұнда өндірістік қуаты тәулігіне 9 мың шаршы метрге дейін кілем тоқуға қауқарлы  «Van De Wiele» фирмасының 7 станогы мен  полипропилен жіптерін иіретін Франция,  Германия елдерінің заманауи құрал-жабдықтары  орнатылған. Кілемнің құрамы екі бөліктен тұрады. Оның бірі – түгі, екіншісі – астары. Бұл екеуіне екі түрлі жіп қолданылады. Жіп иіру цехының өзі ауқымды өндіріс орны. Мұнда тоқымаға қажетті жіптердің «BCF», «Heat-Set», «Frize» түрлері «Oerlikon Neumag» (Германия) машинасында жасалады. Алдымен полипропилен ерітіледі, сосын түрлі түске боялады. Содан соң талшыққа бөлінеді.

Қазақы нақышта тоқылған кілемді шетелден келетін кілемдерден арзан бағаға Қазақстанның барлық аймағынан таба аласыз. Мұнда шығарылатын кілемдер сапасына қарай 15 түрге бөлінеді. Бүгінде отандық өнім шығаратын «Бал Текстиль» кілем өндіру фабрикасы экспорт көлемін 20-30 пайызға арттырды.  Қазіргі таңда Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Франция және Шведтің ең үлкен сауда желісі «IKEA» арқылы Ұлыбритания мен Германия мемлекеттеріне де «Қазақстанда жасалған» деген белгімен экспортталуда.ON_ONIM-LOGO

Айта кетейік, «Бал Текстиль» – тұрмыстық тауарларды сату бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын швециялық «IKEA» ірі компаниясымен келісім шартқа отырған еліміздегі тұңғыш фабрика. Кілем өнімдері аталған мемлекеттердің зертханаларында сынақтан өткізіліп, сапа сертификаттарын алып отырады.

Отандық өнімді Шымкент қаласының үш нүктесінен, яғни, Қонаев даңғылы бойында, «Самал» және «Алаш» базарларындағы фирмалық 9 дүкенінен ала аласыз. Бұдан өзге тасымалдау қызметімен айналысатын сауда өкілдері де бар.

Сұхбат

PhotoRoom