Оңтүстік Қазақстанда алты айда 130 мың тонна ет өндірілді

Жаңалықтар
24.07.2017, 23:29

2017 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі  қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында    371,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 250,4 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 3,6 есеге (29,9 мың тонна), тауарлық бетон – 44,1% (555 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 5,4% (74,6 мың м3), портландцемент – 22,2% (1276,6 мың тонна) артқан. 6d15def48f55bfdfc6ece18ceedc0744_resize_w_520_h_

Сондай-ақ, өңірде осы алты ай ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 139,1 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,8 млрд. теңге болса, мал шаруашылығы 117,2 млрд. теңге болып отыр.

Жалпы осы жылдың 6 айында облыстың барлық шаруашылық санаттарында 130,2 мың тонна ет, 379 мың тонна сүт, 162,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ал, аймақтағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны 1087,8 мың басты, қой 4579,7 мың басты, жылқы 306,4 мың басты, түйе 27,6 мың басты, құс саны 2346 мың басты құрады.агро

Cонымен қатар, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны  178,7 мың бірлікті құраса, бұларға жұмыспен қамтылғандар саны 331,5 мың адамды құрады. Ал осы жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы 158,3 млрд. теңге болып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom