Алматы облысында «Еңбек жолы» байқауы өтіп жатыр

Аймақ
25.07.2017, 22:39

"Еңбек жолы" байқауы аудандар мен қалаларда ағымдағы жылдың маусым айында басталған. Конкурс еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмыскерлері арасында өткізіледі. Ұсынымдар еліміздің экономикасына елеулі еңбек үлесін қосқан ең үздік еңбек әулеттері және меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорын жұмыскерлерінен қабылданады. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.IMG_7260

"Еңбек жолы" конкурсын өткізудің негізгі мақсаты - жастарды еңбекті қадірлеу рухында тәрибелеу, еңбек өнімділігін ынталандыру, ең үздік еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмысшыларын анықтау, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау және арттыру болып табылады.

«Аталмыш байқау бірінші тамыздан бастап Республикалық деңгейге ұласатын болады. Конкурста "Үздік еңбек әулеті", "Кәсіпорынның жас жұмыскері", "Жұмысшы жастардың үздік жетекшісі" атты үш номинация бар. Жеңімпаздарға әділ қазылардың шешімімен, арнайы сыйлықтар берілетін болады», - деді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева Сания.

Конкурсқа қатысу үшін алдымен өтініш жазу, жеке куәліктің және еңбек кітапшасының көшірмесі, тақырыпқа байланысты видеоролик, презентация жасау қажеттіліг айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom