Мақтаралдық кәсіпкер қайталанбас өрнегі бар киіз үй жасайды

Жаңалықтар
25.07.2017, 23:24

Қазақтың киелі киіз үйі ғасырлар бойы өзімен бірге жасап келе жатқан таңғажайып туынды. Мақтарал ауданы Бескетік елдімекенінің тұрғыны Көпжан Торпиев бес жылдан бері қазақтың қара шаңырағы - киіз үй дайындаумен айналысады. Кәсіпкер халықаралық ЭКСПО көрмесінің өтуіне орай жұмыс қарқынын арттырған. Бұл туралы shymkenttv.kz сайты жазады.

Қазақтың қасиетті киіз үйін әлемге паш ету мақтаралдық кәсіпкер Көпжан Торпиевтің көп жылдан бергі арманы. Іскер азамат ауыл ісмерлерінің тобын құрып, қайталанбас өрнегі бар киіз үй жасайды. Киелі шаңырақтың ұлттық нақыштағы сапасына қарай Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыстар түсе бастаған. Көбекең бұл кәсібінен көл-көсір пайда таппаса да, бәрінен бұрын жұртшылықтың киіз үйге деген қызығушылығының арта түскеніне  қуанып отыр.yurta-1024x768

Кәсіпкер биыл өз ісіне тың ізденіспен кірісті. Киіз үйдің заманауи безендендірілуіне ден қойды. Сәулеттік сәні келіскен ақ күмбезді ғимарат түрлі оюлармен көмкерілді. Ауыл ісмерлері киіз үйдің байырғы нұсқасын сақтай отырып, сәні мен сапасына ерекше көңіл аударды.

Қазақтың киіз үйі - ерекше геометриялық есеппен, асқан тапқырлықпен жасалынған туынды. Бұл «мен» деген шетелдік    сәулетшілердің талайын таң қалдырды. ЭКСПО көрмесіне келген  туристер де Мақтаралдағы Бескетік ауылына ат басын бұрып жатса, көңілден шығатын дүниелер жетерлік – дейді ұлттық өнердің шын жанашыры.

 

Сұхбат

PhotoRoom