Оңтүстіктің өсімдік майы Иранға экспортталмақ

Жаңалықтар
12.08.2017, 00:57

Кәсіпкерлік саласымен түрленіп, кәсіпкерлікті дамытуды жолға қойған Сайрам ауданы ендігі кезекте өсімдік майын өндіруді қолға алған. Өткен жылдың соңында іске қосылған өсімдік майын шығаратын цех бүгінде жұмыс қарқынын арттырған.podsolnechnoe-maslo

Қазіргі таңда өндірісте күнбағыс, мақсары майлары «Алтын май» маркасымен нарыққа шығарылып келеді. 100 пайыз тазартылған, иіссіздендірілген өсімдік майы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан Республикасының нарығында саудалануда. Ал, дайын өнімді алдағы уақытта Иран еліне шығаруды да көздеп отырған кәсіпкер бүгінде екі жақты келіссөз жұмыстарын жүргізуде.

Өсімдік майын шығаратын цех шикізатты Мақтарал ауданы мен Шығыс Қазақстан облысынан алып келеді. Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында орналасқан «Иптихар» серіктестігі  жобасының құны 350 млн.теңгені құрайды. Кәсіпорын жергілікті 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Сонымен қатар, мұнда сыйымдылығы 10 мың тонна болатын қойма да бар.ON_ONIM-LOGO

Сайрам ауданында 2016 жылы 17 жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында 5 млрд. теңге көлемінде қолдау алған болса, соның бірі осы ЖК «Иптихар» жобасы.  Кәсіпкер бағдарламаның субсидиялау бағыты аясында қолдау алған.

Айта кетейік, аудан өнеркәсібінің 84%-н өңдеу өнеркәсібі құрайды. Бүгінде ауданда белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 13977 бірлікке жетсе, олармен өндірілген өнім көлемі 25 млрд. теңгені құрады.

 

Сұхбат

PhotoRoom