«Металлург» саябағы қайта жөндеуден өтуде

Аймақ
07.08.2017, 16:02

Шымкенттегі «Металлург» саябағы қайта жөндеуден өте бастады. Осы орайда ерекше тоқтала кетер жайт, əлеуметтік желідегі Ленин ескерткішіне бөлінген қаржы жөніндегі мəліметтер шындыққа жанаспайды. 1502052510Негізінен бөлінген қаржыға ескі саябақ аумағында суару жүйелері іске қосылып, газон төселеді, жасыл желектер отырғызылады. Сондай-ақ, бақтағы жарықтандыру жаңарып, заманауи жаңа субұрқақ пайда болады. Саябақтағы Ленин ескерткішін жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылмаған.

Еске сала кетсек, «Металлург» саябағы алдағы қазан айында толық жөндеуден өтіп, тұрғындар игілігіне берілмек.

Сұхбат

PhotoRoom