ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМДЕР БАЙҚАУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНУДА

Аймақ
12.08.2017, 16:27

Шымкентте мұғалімдер электронды жүйе арқылы жұмысқа қабылданып жатыр. Биылдан бастап жүзеге асырылып жатқан тың жүйе бойынша ұстаздар конкурс негізінде іріктеледі. Ал бос орындар thunter.shymkent.gov.kz ресми сайтына жарияланады.konkurs-direktorov-1

Құжат тапсырған үміткерлер мекеме басшысы, білім бөлімінің өкілі, ата-аналар комитетінің мүшесі, қоғамдық ұйымның өкілі және БАҚ өкілдерінен құрылған комиссия отырысында әңгімелесу ұйымдастырылады. Комиссия мүшелерінің шешімі де электронды дауыс беру тәсілі арқылы веб-сайтта жарияланады. Ең көп дауыс жинаған үміткер мекеме басшысына ұсынылады.

Әзірге Шымкенттегі №1, 11, 23, 24, 30, 28, 55, 57, 79, 120 мектептердегі педагог қызметкерлердің бос орындарына жарияланған конкурстық комиссия отырысы өткізілді. Конкурсқа барлығы 38 үміткер қатысып, оның ішінде 7-і жұмысқа қабылданды дейді білім бөлімінің мамандары.

Сұхбат

PhotoRoom