ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ САЙЫН ОҚУШЫЛАР САНЫ КӨБЕЮДЕ

Аймақ
11.08.2017, 16:27

Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектептердің санын азайту үшін биыл тағы 3 білім ордасы салынды. Ескі 2 мектептің ғимараты бұзылып, орнына жаңасы бой көтеруде. Шымкет қалалық білім бөлімінің мамандары арнамыздың тілшісімен осындай ақпараттымен бөлісті. Тағы 3 мектептің ғимараты кеңейтіліп жатыр. Дегенмен, тоқмейілсуге болмайды. Шаһарға тағы 20 мектеп қажет. Себебі, жүргізілген мониторингке сәйкес, жыл сайын мектеп оқушыларының саны қаламызда 11 мыңға артып отырады екен.Shymkent-mektep-4

Шымкенттік білім ошақтары жаңа оқу жылына сақадай сай тұр дейді мамандар. Айтуларынша, Игілік, Қайнарбұлақ және Сәуле шағынаудандарында жаңа мектептер бой көтерді. Ал Достықтағы білім ошағы мен №97 ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салынуда. Тағы 3 мектептің кеңейтіліп жатыр. Осылайша мамандар үш ауысымда білім беретін 8 мектептің санын екеуге қысқарттық деп қуанып отыр.

Бұдан бөлек 3 мектепте күрделі, 118 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 31 мектептің ауласы қоршауға аланса, 19-ында спорт алаңшасы ашылды. Осылайша жауаптылар Шымкентте алғаш рет жөндеу жұмыстары түгелдей жергілікті бюджет есебінен атқарылды деп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, шаһарда 17 мектеп әлі күнге дейін қатты отынмен, 3 білім ошағы сүйық отынмен жылытылады. Дегенмен, бүгінгі таңда барлық мектеп жылыту маусымына дайын. Осылайша оқушылар қыста жаурамайды деп сендірді жауаптылар.

Сұхбат

PhotoRoom