ОҚО-да инвестиция құны 30 млрд теңге болатын екі құс фабрикасы салынады.

Аймақ
12.08.2017, 16:57

Оңтүстік Қазақстан облысында жобалық құны 30 млрд теңге болатын екі құс фабрикасы салынады. Сауд Арабиялық компания қаржыландыратын фабрика жылына 40 тонна құс етін өндірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.  Дайын өнім ішкі нарықты қамтып қана қоймай экспортқа шығарылады.  20170810122819Бүгінде Түлкібас ауданындағы бес ауылдық округ аумағынан құрылысқа қажетті 200 гектар жер бөлінген. Сала мамандарының сөзінше ауқымды жоба екі кезеңмен жүзеге асыралады. Құс фабрикасында етті, тауық балапанын инкубациялық жолмен көбейтуден бастап, одан дайын шұжық өнімдеріне дейін өңдейтін цехтар салынады. Сондай-ақ құстарға қажетті жем-шөпті де өздері дайындайды. Ал, 2018 жылы алғашқы отандық өнім нарыққа шығады деп күтілуде. Қазақ-Араб бірлескен кәсіпорны ет өндірісі мен өңдеуді дамытуға бағытталған стратегиялық инвестициялық жобаның бірі болмақ. «Бір жоба бойынша 11 млрд теңге, екіншісіне 18 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.  Қос құс фабрикасы ашылғанда жергілікті халыққа  2 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Мұның өзі халықтың әлеуетін көтеріп, тұрмысын жақсартатыны сөзсіз», - дейді Түлкібас аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Бекайдар Құрманалиев. Бұдан бөлек, таулы аудандағы индустриалды аймақта ет және сүт, табиғи сусын шығаратын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндейтін 6 жобаның құрылысы қолға алынып отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыруға  3 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалмақшы.

Сұхбат

PhotoRoom