Созақтық кәсіпкер ұлттық нақышта құрылыс материалдарын шығара бастады

Аймақ
12.08.2017, 13:34

«Көз - қорқақ, қол - батыр» деген. Осы қағиданы берік ұстанған құмкенттік Мұратбек Төребеков бүгінде бүкіл аймақтың құрметтісі атанған. Өйткені, бұл азамат тек өндіріс орындарында ғана шығарылатын құрылыс заттары мен темір бұйымдарын алақандай ауылда ғана жасап, елдің қажетін өтеп отыр. Мұратбектің мұндай жетістікке жетуіне, оның еңбекке деген ептілігі мен азаматтық намысы себепші.

Құмкент - Созақ ауданының бір қиыры. Сонда да болсын, бұл ауылдың тұрмысы түзу. Өйткені, халқы еңбекқор. Елдімекен қиян шетте орналасса да  бұл ауылда қалада таптыра бермейтін неше алуан құрылыс заттары мен темір бұйымдарын жасайтын арнайы цех бар. Оның иесі - осы ауылдың тұрғыны Мұратбек Төребеков деген азамат. Алғашында Мұратбек те өзіне қажет осы заттарды қаладан тасыған. Жол азабын әбден көрген азамат қажеттісін өз ауылында неге шығармасқа?» деді. Сөйтіп, іске бел шеше кірісті.  d6c6cdf55a9ae5d906f7402179610d5f

«Шымкенттен 100 мыңға зат алсаңыз, 100 мыңға көлік жалдайсыз... қаншама қиындық. Сосын осындай ойға келдім де интернет арқылы іздестіре бастадым. Көп іздендім, ақыры мақсатыма жеттім. Істеуге болады екен»,-дейді кәсіпкер Мұратбек Төребеков.

Бүгінде Мұратбектің қолынан шыққан бұйымдар Созақ ауданының барлық ауыл-аймағына таратылуда. Әсіресе, ауланы қоршауға арналған құрастырмалы қабырғалар үлкен сұранысқа ие. Материалдар сапалы, әрі қолжетімді. Тұрғындар бұрынғыдай қалаға шапқылауды қойған. Қажет десе, арнайы көлік үйіне дейін жеткізіп береді.

Осындай іскерлігімен алақандай ауылдың атын шығарған Мұратбек жергілікті жеті жерлесін де жұмыспен қамтып отыр. Жаңадан басталған шаруа енді-енді қарқын алуда. Істің көзін таба білген кәсіпкер алдағы уақытта шаруасын одан әрі дамытып, «халқыма қызмет ете бермекпін», - дейді.

Ақпарат көзі: shymkenttv.kz

Сұхбат

PhotoRoom