Кәсіпкер 400 үйге күннен қуат алатын көше шамдарын орнатуда

Аймақ
14.08.2017, 15:42

Филантроп бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында осы іспеттес қайырымды істермен жиі айналысатынын жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы киелі жерлерімен ғана емес, ел қамы үшін қамқорлық жасаудан қысылмайтын атымтай жомарт жандардың бірі, әрі бірегейі осыған дейін де көптеген тұрмысы төмен отбасыларға қолдаушы, ауқымды іс-шараларға демеуші болып келген филантроп Оралбек Ботбай еліміздің тарихындағы маңызды оқиға ЭКСПО көрмесіне барамын деген Қошқар Ата ауылының үздік оқитын 30 оқушысына және 10 мұғаліміне көрме билеттерін тарту етті,-дер жазады egemen.kz. 1502695294_article_b_1500_

13 тамыз күні басталған экскурсия барысында оқушылар көрмедегі павильондарды аралап, ондағы жасыл энергетика саласындағы жобаларды тамашалады. Филантроп бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында осы іспеттес қайырымды істермен жиі айналысатынын жеткізді. Мәселен бұған дейін Астана, Алматы қаласында оқитын ЖОО студенттеріне өз атынан шәкіртақы тағайындап, көпке үлгі болар ізгі іс бастаған. Оралбек Ботбай осындай қамқорлықтары үшін «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында аталған шараны қолға алып отырмын деген кәсіпкер, ішкі туризмді дамыту мақсатында оқушыларды Бурабай ұлттық табиғи саябағына да қыдыртты. Ауыл оқушыларының сөзінше бұл олар үшін жасалған зор қамқорлық. Жазғы демалыс уақытында көрме жұмысын тамашалау барысында, білімге деген ынталары ашылып, шет тілдерін меңгеруге деген құлшыныстарын жасыра алмады. Ал, Оралбек Қожамжарұлының сөзінше, бұл туған елге қолдау таныту мақсатында жасалып отырған қайырымдылық шарасы. Болашақта туып-өскен жеріме қолдан келгенше қызмет етем деген ол, жуырда Қошқар ата ауылына жол салып, шет елдік инвесторлармен бірлесе отырып, 400 үйге күннен қуат алатын көше шамдарын орнатуды бастап кетті.

 

Сұхбат

PhotoRoom