Алматы облысы "SILK WAY-2017" Халықаралық би фестивалін өткізбек

Аймақ
21.08.2017, 10:36

IMG_1138

 

"SILK WAY-2017" Халықаралық би фестивалі Жетісу жерінде биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Жылда өткізілетін жарыс үлкен дайындықты талап етеді. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Ағымдағы жылы өтетін би фестивалінің ерекшелігі әр елден келген топтар құрама болып өнер көрсетпек. Мәселен, АҚШ, Европа, Қазақстан құрамалары және Жетісу жерінен шыққан «А     рлан» би тобы. Жарыста  «Hip-hop», «Show Professionals», «1х1», «3х3» сынды би түрлері бойынша жарысады. Әділ қазылар алқасы құрамында  әлемнің танымал бишілері Link, Bruce, Storm болмақ.

IMG_1112

«Аталмыш би фестивалі еліміздің жастарын биге деген қызуғышылығын арттырады деген ойдамын. Себебі, бұл би алаңында әлемге әйгілі Майкл Джексонмен бірге билеген бишілер де болмақ. Бұл жарыс бишілерді одар әрі шабыттандыратынына сенімдімін», - деді  «Funky Tawn» шығармашыл жастарды қолдау орталығының жетекшісі Марат Ягфаров.

IMG_1146

Айта кетсек, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен Талдықорған  қаласында  19-20 тамыз аралығында  халықаралық би жарысы өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom