Шымкенттегі таңдаулы кондитерлік желі аспаздық студиясын ашты

Аймақ
21.08.2017, 22:41

Шымкенттегі таңдаулы кондитерлік желі аспаздық студиясын ашты. Мұнда көпжылдық тәжірибесі бар аспаздар тамаша тағамдар мен тәттілерді қалай әзірлеуге болатынын үйретеді,-деп жазады shymkenttv.kz сайты.

«Ладушки – Усадьба» кафетерий енді үйде отырған қыз-келіншектерге аспаздық студиясы арқылы тәжірибесімен бөліспек. Кафетерийдің бесаспап маманы алдын-ала 3-4 тағамды тізімге енгізіп, келушілермен бірге дайындайтын болады.images

Иә, бұл мейрамхана да емес, кафе де емес.. Дегенмен, әрбір отанасының талғамына сай асхана мен түрлі тағамдардың құпиясының алтын қақпасы.

НӘИЛӘ МАХИЯНОВА – «ЛАДУШКИ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ТЕХНОЛОГІ

Өте керемет ел, тағамдараы да көз тартарлық. Мұнда кез-келген клеуішлердің қалауымен, мейлі, ұлттық тағам болсын, мейлі шет ел асханасынан болсын, біз әзірлеуге дайынбыз. Бірақ, бірінші өзімізді Италия асханасынан сныап көруді жөн көрдік. Бізге өзге елдеге адамдар не жейтіні қызық болды

Алғашқы күні келушілер Италия асханасының равиолиі мен болонезінің қалай жасалатанына куә болды. Шеберлік дәрісте тәлімгерлер мейрамхана мәзірінен тыс өз идеяларымен де бөлісіп, басқа да тағам дайындауға байланысты ұсыныстарын бере алады. Осындай жобаның игілігіне қанық болған олар тіпті күнделікті қатысуға дайын екендерін көрсетті.

ДАНА ЖЕМБАЕВА – ДӘРІСКЕ ҚАТЫСУШЫ

Мен өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да келемін деп ойлаймын. Сонымен қатар, достарымды да әкелемін. Әрі өзге де тағамдарды дайындауды үйренуге дайынмын.

Алайда, аспаздық студиясының ережесіне сәйкес, шеберлік дәрістерінің жүргізілуі айына 2 рет жоспарлануда. Сондай-ақ, туылған күн, кешкі отырыстарды атап өтем деушілер өз ұжымымен осында келіп, өз асханасында жүргендей тамақ әзірлеп, дастархан жаюына әбден болады.

Сұхбат

PhotoRoom