Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының жұмысына жоғары баға берді

Жаңалықтар
22.08.2017, 21:42

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының жұмысына жоғары баға берді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Біз құрған «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына бастапқыда 800 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады деп жоспарланды. Қабылданған шаралардың арқасында шығын екі есе – 400 миллиард теңгеге дейін қысқарды. Бұл Ахметжан Есімов басқаратын EXPO басшыларының еңбегінің жемісі. Олар жақсы жұмыс атқарды», - деді Президент.28203-6-dlya_gostei_i_zhitelei_ru

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесінің өзге елдердің жаңа технологияларымен танысуға мүмкіндік бергенін баса айтты. «Барлығы өзгеріп жатыр. Жаңа технологиялар пайда болуда. Ақпарат көлемі жыл сайын 2-2,5 есеге ұлғайып келеді. Қуып жету мүмкін емес. ЭКСПО-да барлық мемлекеттердің ең үздік идеяларын бір орынға тоғыстыра алдық. Біздің ғалымдар, министрліктер және мекемелер энергияға қатысты соңғы жаңалықтарды көру мүмкіндігіне ие болды», - дейді Н.Назарбаев.

Президент сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесі астаналық бизнеске де үлкен көмек көрсеткендігін атап өтті. «Астананың барлық қонақүйлері лық толы. Келушілердің көптігінен бизнес гүлдене түсті. Туристердің көптігінен қала бюджетіне түсім де еселеп көбейді, - деп өз сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom