Шымкентте 15 мыңға жуық оқушы электрондық жолмен мектепке қабылданды

Аймақ
24.08.2017, 01:26

Шымкентте биыл мектептерге балаларды қабылдау электрондық түрде жүргізілуде. Жаңа оқу жылына 15 мыңға тарта оқушы осындай жүйемен қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА. Сала мамандарының сөзінше, жаңа жүйе сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында қол алынып отыр. 20170823113203Әрі ата-аналар ашық портал арқылы мектептердің білім сапасы мен материалдық базасы туралы мәліметтер ала алады. Сол арқылы өзінің таңдауына орай қалаған мектебіне электронды түрде өтінішін тіркейді. Таңдау мүмкіндігін беретін жүйенің көмегімен оқушы мектепке интернет желісі арқылы қабылданады. Оның  көмегімен білім саласы мамандарын қағазбастылықтан құтқарып, бірқатар жұмыстарын жеңілдетуде. Жалпы, мамандар осы жүйе бойынша 1 сыныпқа 21 000-ға жуық оқушы қабылданады деп жоспарласа, әзірге олардың саны 14 582-ге жетіп отыр.  Жаңа жүйе сонымен қатар бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау барысында да тиімді екенін көрсеткен. Мәселен, қаладағы 385 балабақшада 53 213 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Биыл тағы 9 611  бүлдіршін жолдаманы электронды жүйе арқылы алды. Енді балабақшаларға жолдама алу үшін әр тоқсан сайын өтетін комиссия отырысын күтпейді. Босаған орынға күнделікті автоматты түрде бала қабылданады.

Сұхбат

PhotoRoom