«Dancing Zhetysu» - Алматы облысының туристік жолсерігі

Аймақ
24.08.2017, 15:50

IMG_3920

 

Алматы облысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын  жүзеге асыру мақсатында мәдениетті дамытып, туризмді насихаттауға бағытталған бейнероликтің тұсаукесері өтті.

«Елбасының «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлерінің географиялық картасын құру алға тартылған міндеттердің бірі. Осыған орай ұйымдастырылған «Dancing Zhetysu» жобасы Алматы облысының әсем жерлерін би өнері арқылы шағын бейнероликке сыйғызып, оны Жетісу өлкесінің төлқұжатына айналдыру басты мақсаты болып табылады.

https://youtu.be/qgfZmGvHfXI

«Аталмыш жобаға облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі мен «Талдықорған әуендері» би тобы қатысып, осындай тың дүние шығардық. Құрамы 12 адамнан тұратын би тобы тауға да тасқа да шығып, ерекше билерімен Жетісудың табиғатын көрсетті. Түсірілім Көлсай, Шарын, Қайыңды, Алтын Емел сынды жерлерде  өтті. Алдағы уақытта біз осы бағытта тағы бірнеше жұмысты жүргізуді жоспарлаудамыз», - деді жобаның авторы Әділбек Абилов.

«Маған табиғат аясында билеген өте қатты ұнады. Бұл тек мені ғана емес, сонымен қатар әріптестерімді де шабыттандыра түсті. Небәрі 4 күнге созылған түсірілім қызықты өтті. Жұмыс барысы да еш қиындық туғызған жоқ. Себебі, өз кәсібін жақсы меңгерген мамандармен тығыз жұмыс жасадық. Ал осы жобаға дайындалған биімізді шығару үшін көп тер төктік. Түсірілім Жетісу өлкесінің әр жерінде өткендіктен, оған сай костюм мен қойылымның сай келуі басты орында тұрды және әрбір іс-қимылда өзіндік сыр жатыр десек те болады. Осымен бірге, жалпы жобаның ұйымдастырушысы мен қолдау көрсеткен ішкі саясат басқармасына алғысымыз шексіз», - деді «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің бишісі Сара Қайыржанова.

Тағы бір атап өтерлігі – жоба түсірілімі аяқталған соң Сочи қаласына (Ресей) аттанған би тобы халықаралық би конурсынан жеңімпаз атанып қайтқан болатын.

Аталған жоба Талдықорған қаласының көрікті жерлерінде жалғасын табады деп жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom